23 сәуірден бастап Алматыдағы Райымбек даңғылындағы BRT жобасы бойынша реконструкциялау жұмыстары басталады. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
«23 сәуірден бастап Райымбек даңғылында Алматының ең ірі жобасының бірі BRT желісінің құрылысы басталады. Алғаш рет көше ғимараттардың қасбетінен бастап тротуар мен жасыл аймаққа дейін толығымен жаңартылады», – делінген әкімдік хабарламасында.
3 учаскедегі реконструкциялау жұмыстары екі кезеңде жүргізіледі. Жұмыстар мынадай учаскелерде жүргізіледі:
Пушкин көшесі — Сейфуллин даңғылы; Сейфуллин даңғылы — Ахрименко көшесі; Ахрименко көшесі — Алтын Орда көшесі.Жұмыс қай кезеңдерле жүргізіледі?
Бұл учаскелерде бірінші кезеңде яғни маусымға дейінгі аралықта арық жүйесі, аялдамалар...