Қазақстандағы шағын және орта бизнеске (ШОБ) қатысты ахуал нашарлап бара жатыр. United Research Technologies Group (URTG) жүргізген зерттеу осы салада іскерлік белсенділігі төмендеп, белгісіздік пен шығын қысымы күшейгенін көрсетті. Сауалнамаға сауда, қызмет көрсету, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласындағы 500 компания қатысқан.
Бизнес-барьерлер индексі күрт нашарлады
Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, елдегі ШОБ өкілдері іскерлік белсенділіктің төмендегенін, белгісіздіктің артқанын және макроэкономикалық, реттеуші факторлар тарапынан қысымның күшейгенін айтып отыр.
Ең үлкен өзгеріс Бизнес-барьерлер индексінде (ББИ) тіркелді. Бұл индекс соңғы тоқсанда 2,7 есе өсіп, 151,7 пунктке жетіп, зерттеу қолға алынғалы бері антирекорд орнатты. Бұған дейін, яғни өткен тоқсанда, бұл көрсеткіш бар...