Қазақстан мен Армения кино, театр, өнер салалары бойынша ынтымақтастықты күшейтеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасянмен кездесуінде айтылды.
«Тараптар мәдени ынтымақтастықтың келешегін талқылап, гуманитарлық байланыстарды қайта жаңғыртып, нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, әдебиет, музыка, кино және ақпарат алмасу салаларындағы екіжақты жобаларды кеңейту қажеттігі атап өтілді», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Балаева бұл кездесудің мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа серпін беретінін, кино ғана емес, кітапхана ісі, музейлер, концерттік ұйымдардың арасындағы байланыс салалары нығая түсетінін айтқан. Министр анимациялық және деректі фильмдерді бірлесіп түсіру тетіктерін қарастыруды, әдебиет...