Ресей мен Түркия АҚШ-тың қайталама санкцияларының қаупіне байланысты аударымдар мәселесін шешу үшін бірлескен банк құру мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы SHARQ Analytics хабарлады.
«Мұндай банк құру мүмкіндігі әлі талқылануда, бірақ тараптар Ресей президенті Владимир Путиннің Түркияға алдағы сапары барысында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр», – деп жазды басылым.
Бұған дейін хабарланғандай, 1 қаңтардан бастап қос тарап арасындағы аударымдар толық тоқтады. Түркиядағы экспорттаушылар сауданы жалғастыру жолдарын іздестіре бастады.
Кейін банктер Ресей компанияларының есепшоттарын жауып, Түркияда карта ашқысы келетін Ресей азаматтарына қойылатын талаптарды күшейтті.
Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, тараптар АҚШ-тың түрік компанияларына жасаған «бұрын-соңды...