2024 жылғы қазанда Талғар қаласында кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полат ісі Ішкі істер министрлігінің жоғары деңгейдегі бақылауымен тергелді.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Санжар Әділов Мәжілістегі брифингте осылай деп мәлімдеді.
«Тергеу ашық жүргізілді. Оны прокуратура органдары қадағалап, біздің министрліктен бақылау жоғары деңгейде болды деп айта аламын», – деді Әділов.
Шерзат Полат ісін Алматы облысының полициясы тергеді. Іс материалдары 62 томнан тұрады. Тоғыз адамға айып тағылды. Олардың екеуіне ауыр, қалған жетеуіне «бұзақылық», «ұрлық», «қылмыс туралы хабарламау» секілді жеңіл айыптармен сот алдында жауап береді.
Қылмыстық іс Талдықорған қаласындағы сотта қаралып жатыр. Соттың алдын...