АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген 145% көлеміндегі баж салығына жауап ретінде Қытай 125% баж салығын енгізген соң, Ақ үй Қытай тауарларына тағы 100% қосымша салық салатынын мәлімдеді.
Нәтижесінде АҚШ Қытай тауарларына салатын баж салығының жалпы көлемі 245%-ға жетті.
«Қытайдың жауап әрекеттеріне байланысты, енді АҚШ-қа импортталатын Қытай тауарларына 245%-ға дейін баж салығы салынуы мүмкін», – делінген Ақ үй хабарламасында.
Қазіргі уақытта АҚШ Қытайдан келетін тауарларға 145% баж салығын қолданып отыр. Қытай бұған жауап ретінде АҚШ өнімдеріне 125% салық енгізген. Сонымен қатар Бейжің кейбір пайдалы қазбаларды, оның ішінде аса маңызды минералдарды экспорттауға шектеу қойды...