Қазақстан кинотеатрларындағы соңғы аптада (8–14 сәуір аралығы) ең көп табыс әкелген фильмдер белгілі болды. Үздік бестікке отандық және шетелдік туындылар енді.
Кассалық көрсеткіштер:
1. Патруль – 598 800 851 теңге
2. Minecraft – 202 432 074 теңге
3. Новичок – 71 783 504 теңге
4. Азартник – 38 902 669 теңге
5. Ғашығым – 28 254 644 теңге
«Патруль» — аптаның көшбасшысы
Апта ішінде ең көп көрермен жинап, рекордтық табысқа жеткен фильм – отандық «Патруль» комедиясы. Фильм сюжеті Абай облысында өтеді. Ел Президенті осы өңірге жұмыс сапарымен келмек. Президентке арналған кортежді ұйымдастыру міндеті жергілікті полицияға жүктеледі. Бірақ бөлім қызметкерлері – Серік, Олжас...