Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев және өзге де күдіктілерге байланысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлады Kazinform агенттігі.
Айыпталушылар орындығында Хасан Қасымбаевтан бөлек тағы 5 адам бар. Айыпталушыларды адвокаттар Ерлан Құланбаев пен Назгүл Тәукенбай қорғайды. Сотқа сондай-ақ екі жәбірленуші қатысып отыр.
Сотта тараптар таныстырылғаннан кейін адвокаттар прокурорды ауыстыруды өтініп, қарсылық білдірген. Оған жәбірленуші тарап қарсы болған. Судья Айнагүл Тұқыбаева өтінішті қарау үшін үзіліс жариялаған.
Tengrinews.kz басылымының ақпаратынша, судья үзілістен келісімен прокурорды ауыстыру туралы өтінішті қанағаттандырған. Басылым адвокаттардың бірі прокурор бұған дейін айыпталушылардың бірінің ісін бірінші сатыдағы сотта қарауға қатысқанын атап өткенін жазды.
Бейресми деректерде Талғардағы «Хуторский...