Қаржы министрлігінің ресми мәліметіне сенсек, елімізде лицензия алып, тіркелген 13 букмекерлік кеңсе бар. Ал заңсыз көлеңкеде істейтін операторлар саны 4000-ға жетеді. Олар салық төлемейді, мемлекет пен ойыншы алдында ешбір жауапкершілігі жоқ. Қазір парламент осы бизнесті реттеу үшін заңнаманы күшейтіп жатыр. Сыртқы жарнамаға, мемқызметкерлер мен әскерилерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салды. Енді букмекерлердің қаржы айналымын бақылайтын жаңа орган құрылмақшы. Бірақ сарапшылар жаңа өзгерістер заңды ойыншылардың тынысын тарылтып, көлеңкедегі букмекерлердің көбеюіне себепкер болатынын айтады. Заңсыз букмекерлермен күресудің шешімі бар ма? Құмар ойын нарығын ашық әрі қоғам үшін тиімді ету үшін не істеуге болады?
Ел үкіметі құмар ойын нарығын бақылауды екі мыңыншы жылдардан бастаған...
Жаңалықтар
Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өздеріне бағынышты ведомство қызметкерлері қандай көлікпен жүретінін айтып берді.
Ерлан Нысанбаев өзінде, вице-министрлер мен комитет төрағаларында бір-бір көлік бар екенін атап өтті.
«Мен, төрт орынбасарым, екі комитет болса, 7 машина шығады. Басқа көлік жоқ бізде», – деді ол.
Ал Нұржан Нұржігітов министрлікте қызметтік көлік жоқ екенін, қызметкерлер жұмыс бабымен президент әкімшілігіне қарасты арнайы басқарма тарапынан бөлінген көліктермен қатынап, солардың қызметін пайдаланатынын айтты. Оның сөзінше, ол көліктердің барлығы Қазақстанда жасалған.
Бұған дейін, Шу ауданы әкімдігі 26 млн теңгеге көлік...
Наурыз қорытындысы бойынша, қазақстандықтар депозитте 40,4 трлн теңге сақтаған. Бір ай ішінде салым көлемі 21,39 млрд теңгеге өскен. Бұл туралы Ұлттық банк жариялаған статистикада жазылған.
Наурыз айында ұлттық валютадағы депозит көлемі 236 млрд теңгеге азайып, 31,1 трлн теңгені құрады. Бұған негізінен заңды тұлғалардың депозиттерін қысқартуы себеп болды. Бизнес тарапынан салымдар 377 млрд теңгеге қысқарып, 13,39 трлн теңгеге дейін төмендеді.
Атап өтетін дүние, жеке тұлғалар ұлттық валютадағы жинақтарын 140,9 млрд теңгеге арттырып, 17,7 трлн теңгеге жеткізді.
Шетел валютасындағы депозиттер сегментінде, керісінше жағдай байқалды. 258,3 млрд теңгеге өсіп, жалпы көлемі 9,3 трлн теңгеге жетті.
Бизнес валюталық депозиттерін 264,3 млрд теңгеге арттырып...Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2024 жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелген. Алайда ресми түрде некеге отыруға деген құлшыныс өңірлерге қарай қатты өзгереді.
Ең төмен неке қию көрсеткіші Батыс Қазақстан облысында (БҚО) тіркелген — әр 1000 адамға шаққанда небәрі 5,58 неке. Бұл — еліміз бойынша ең төмен көрсеткіш. Көрсеткішке қарап, бұл аймақта АХАЖ-ға баруға бел буатындар сирек деуге болады.
Ал неке саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер:
Астана қаласы — 1000 адамға 7,34 неке, Алматы облысы — 6,98, Ұлытау облысы — 6,70.Үйленуге ең қолайлы уақыт — шілде айы. Жылдың дәл осы айында 13 739 нeке тіркелсе, ең аз неке...
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлған үшін көзделген жауапкершілік тым ауыр емес пе деген сауал қойылды.
Журналистер министрден «12 түп қызғалдақ үшін 12 млн теңгеге дейін айыппұл салу әделетті ме» деп сұрады.
Министр бұл тұста бәрі заң аясында жасалып отырғанын, артық кетіп жатқан жағдай жоқ екенін атап өтті.
«Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес, бұл жерде 3 мыңнан, 7 мыңға дейін АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Сол себепті бәрі заңға сәйкес» деді ол.
Министр қызғалдақ жоғалып кетуі мүмкін өсімдіктер қатарына енгізілгендіктен, айыппұлдың мұндай мөлшерін дұрыс деп санайды.
Жалпы, осы көктемде қазақ даласында 21 мыңнан астам киік қырылған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев үкімет сағатынан кейін өткен брифингте айтты.
Министрдің айтуынша, киіктердің қырылуына ешқандай ауру әсер етпеген.
«Бұл өзі табиғи көрініс. Жалпы алғанда киіктің өмір сүру ұзақтығы 4-5 жыл. Ең көп дегенде 8-10 жыл өмір сүреді. Ауру және ақсақ-тоқсақ киіктер қыстан шыға алмайды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атыра, Қостанай, Ұлытау, Қарағанды облыстарында табылған өлекселередің саны 21 400 басты құрады. Ең көбі Ұлытау облысында анықталып отыр, 15 мыңды құрады. Ветеринарлық қызмет талдау жүргізді ешқандай қауіпті ауру анықталған жо...
Meta бас директоры Марк Цукерберг дүйсенбі күні Вашингтонда сотқа қатысты. Құрама Штаттардың монополиямен күрес қызметі миллиардерден Instagram мен WhatsApp-ты сатуды талап етті.
Сотқа шағымдануға не себеп?
АҚШ федералдық сауда комиссиясы (FTC) Meta корпорациясынан қайта құрылымдауды, не болмаса Instagram мен WhatsApp-ты сатуды талап етті.
Бұған дейін президент Дональд Трамп ірі технологиялық компаниялармен күресуді тапсырған. Мәліметтерге қарағанда, Цукерберг корпорациясы АҚШ-та жарнамадан түсетін табыстың жартысына жуығын Instagram арқылы алып отыр.
Қара костюм, көшілдір галстук таққан Цукерберг сауалдарға байсалды жауап беріп, комиссия уәждерін жоққа шығаруға тырысты деп жазды Reuters. Оның айтуынша, Meta компанияларды он жыл бұрын әлеуметтік желідегі бәсекені жою...
Павлодар облысы Ақсу қаласында қарттарға арналған «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы адам шошырлық жағдай бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Пансионат қызметкері қарттарға қатыгездік көрсеткені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Іс прокуратураның бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеуінен кейін қозғалған. Жазбаларда пансионат қызметкерінің қамқорлығындағы адамдарға жүйелі түрде дене күші қолданғаны, сондай-ақ оларды жылы киімсіз далада қалдырып, үсік пен ауыр азапқа салғаны анық көрініс тапқан.
Сот бұл әрекеттердің ауырлығын және салдарын ескере отырып, айыпталушыны кінәлі деп танып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Еске сала кетейік, Павлодар облысы Ақсу қаласында зейнеткерлерге арналған пансионатта қызметкерлер қарттарды ұза...
«Наурыз» бағдарламасы бойынша алғашқы несиені ресімдеген салымшы белгілі болды. Ол Батыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны Бексұлтан Қазиуллин. Жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер болып істейтін тұрғын Оралда бастапқы нарықтан онлайн-ипотека арқылы пәтер сатып алған. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі таңда банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша барлығы 1 047 кредиттік өтінімді мақұлдаған. Бағдарлама қатысушыларының 36%-ы несиелік өтінімді қашықтан беру арнасын пайдаланған.
Наурыз бағдарламасына 34 745 өтінім келіп түсіп, оның 12 мыңы тізімге енген. Биылғы жылы ең төменгі балл 104,78, ең жоғары балл 1421,29 болды.
Ең көп ұпайды Алматы тұрғыны Дилярам Амитахунова иеленген. Ол 2013 жылы студент болып тұрғанда депозит...
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ормандағы өрт қауіпсіздігін әуеден күзетуге бюджеттен бөлінген қаражат жетпей жатқанын мәлімдеп, Үкіметтен көмек сұрады.
Министрдің мәлімдеуінше, орман шаруашылықтарын қамтамасыз етуге 2023-2027 жылдарға арналған жалпы қаржыландыру көлемі 68 млрд теңгені құрайды. Бюджет тапшылығына байланысты республикалық бюджеттен қаржыландыру 8,7 млрд теңгеден 3,1 млрд теңгеге дейін қысқарған.
«Орман өрттерiн анықтау мен жоюдың тиiмдi тәсiлдерінің бiрi – ормандарды авиациялық қорғау болып табылады.Мемлекеттік орман қорының неғұрлым жанатын учаскелерін бақылау үшiн ұшу уақытының 10453 сағаттық нормасы белгіленді. Алайда республикалық бюджетте қарастырылған қаржы жеткіліксіз. Құрметті Олжас Абайұлы, осы маңызды мәселені шешуге ықпал етуіңізді сұраймыз...
Микропроцессорлар өндірісінде қиындықтарға тап болған Intel бағдарламаланатын микросхемалар шығаратын Altera бөлімшесін сатпақшы. Компания оның 51% акциясын инвестициялық қор Silver Lake-ке 8,75 миллиард долларға сатуға келісті. Бұл сома Intel-дің 10 жыл бұрын Altera-ны сатып алған бағасынан екі есе аз деп жазады Bloomberg.
Intel-дің хабарлауынша, мәміле 2025 жылдың екінші жартысында аяқталады. Компания Altera-ның қалған 49% акциясын сақтап қалады.
«Бұл шешіміміз — негізгі бағыттарға назар аудару, шығындарды қысқарту және қаржылық тұрақтылықты нығайту стратегиямыздың бір бөлігі», – деді Intel бас директоры Лип-Бу Тан.
Бұдан былай Intel тапсырыспен чип жасауға және жасанды интеллектіге арналған арнайы үдеткіштерді әзірлеуге баса назар...
Қабылданған шаралар елдің басым бөлігіндегі су басу қаупін азайтуға мүмкіндік берді. Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Кеген Тұрсынбаев Үкімет отырысында осылай деп мәлім етті.
Оның сөзінше, оңтүстік пен батыста су тасқыны кезеңі аяқталған. Бұл аймақтарда елдімекендердің суға кетуіне жол берілмеген.
Керісінше, өткен аптада еріген қар суы мен көп жауған жаңбыр салдарынан Ақмола облысындағы тұрғын үйлерді су басқан. Қолда бар су өткізу жүйелері мол көлемдегі суды өткізуге қауқарсыз болып шыққан.
Енді су тасқынының келесі кезеңі Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында күтіліп отыр.
«Аталған өңірлердегі алдын алу шаралары қарқынды жүргізілуде. Күштер мен құралдар резерві, оның ішінде әскери бөлімдер...
Биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.
«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады. Осыған байланысты облыс әкімдіктері дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша жан-жақты шаралар қабылдап, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдарын толық жауынгерлік дайындыққа келтіруі қажет», – деді .
Министр өз құзыретіндегі ведомстволық ұйымдардың толыққанды жауынгерлік әзірлікке келтірілетінін, солайша мемлекеттік орман қоры аумағында ірі орман өрттерінің алдын алу бойынша барлық қажетті шара қабылданатынын мәлімдеді.
Орманды аймақта демалуға тыйым салынады
Премьер Олжас Бектенов
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жеке мансаптағы табыстан гөрі ел намысын жоғары қойып, Штутгарттағы WTA 500 турниріне қатысудан бас тартты. Оның орнына Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының намысын қорғауды жөн көрді.
Осы таңдауының салдарынан Рыбакина WTA рейтингінде алғаш рет екі жылдан кейін ТОП-10-нан шығып қалды. Қазіргі таңда Елена 11-орынға түсіп отыр. Бұған дейін ең жоғары көрсеткіші 3 орын еді. Ал егер Штутгарттағы жарыста ресейлік Диана Шнайдер чемпион атанса, Рыбакина тіпті 12-сатыға дейін төмендеуі мүмкін.
Айта кетейік, Штутгарт турнирінде Рыбакина 2024 жылы чемпион атанған, яғни биыл сол титулын қорғауға тиіс еді. Алайда қазақстандық теннисші рейтингтік ұпайдан...
Ғалымдар түсіп қалған тісті қайта өсіріп шығармақ. King’s College London зерттеушілері тісті зертханада өсіріп шығарған.
The Telegraph ақпаратына қарағанда, бұған ғылымда алғаш рет қол жеткізіліп отыр.
Тіс емдеуді түбегейлі өзгертеді
Бұл жаңалықтың маңыздылығы орасан. Өйткені болашақта адамдар түсіп қалған тістерін табиғи жолмен қайта өсіруге мүмкіндік туып отыр.
Ғалымдар тістің қалыптасуына қажет ортаға ұқсас арнайы материал жасаған. Содан кейін тіс жасушаларының өзара байланысып, дамуына жол ашқан.
King’s College университетінің регенеративті стоматология директоры Ана Анжелова Волпонидің пікірінше, бұл жаңалық стоматологияны түбегейлі өзгертуі мүмкін.
Имплант пен пломбаға балама
Ғалымдар мұндай тістерді адамның өз жасушаларынан жасайды. Жақ сүйекке...
Америкалық поп-әнші Кэти Перри 14 сәуірде тек әйелдерден құралған құрамамен ғарышқа саяхаттап қайтты. Бұл ғарышқа ерекше сапарды танымал миллиардер Джефф Безосқа тиесілі Blue Origin компаниясы ұйымдастырды.
New Shepard ғарыш кемесі Техастағы ұшыру алаңынан көкке көтеріліп, 100 шақырымнан астам биіктікке жеткен. Ғарышта болу уақыты шамамен 11 минутқа созылды.
Бұл сапардың ерекшелігі — экипаж құрамында тек әйелдер болған. Мұндай оқиға 1963 жылы Валентина Терешкованың ұшуынан бері алғаш рет тіркеліп отыр. Перриден бөлек, бортта мәдениет, ғылым және бизнес салаларынан шыққан танымал әйелдер болды. Олардың арасында Джефф Безостың қалыңдығы да болған.
Кэти Перри жерге оралғаннан кейін әсерімен бөлісті:
Америкалық чип өндіруші Nvidia компаниясы алдағы 5 жылда АҚШ-та жасанды интеллект (ЖИ) инфрақұрылымын дамытуға 500 млрд долларға дейін инвестиция салмақшы. Бұл жобаны компания тайвандық TSMC сынды серіктестермен бірге жүзеге асырады.
TSMC қазірдің өзінде Аризона штатының Финикс қаласында Nvidia Blackwell ЖИ-чиптерін шығара бастады. Сондай-ақ Foxconn мен Wistron зауыттарында суперкомпьютерлер дайындауға инвестиция салынады. Бұл кәсіпорындардың қуаттылығын арттыру алдағы бір жарым жылға жоспарланған.
Nvidia компаниясы атап өткендей, АҚШ-та ЖИ-чиптер мен суперкомпьютерлерді өндіру алдағы он жылда жүздеген мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта компанияның процессорларының басым бөлігі Тайваньда өндіріледі.
«АҚШ-та өндірісті ұлғайту бізге ЖИ-чиптер мен суперкомпьютерлерге деген орасан...
Қырғызстанда, кеше, 14 сәуір күні жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Ош қаласының маңында орналасқан. Бұл туралы Қырғызстанның Сейсмологиялық институты хабарлаған.
Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Ош қаласынан оңтүстікке қарай 3 шақырым жерде. Жер сілкінісінің қуаты Ош елдімекенінде – 4 балл, Қара-Сууда – 3,5 балл, Ноокатта – 3 балл, Өзгенде – 2,5 балды құраған.
Бұл жер сілкінісін Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялары да сезген. Жер асты дүмпулері 2025 жылғы 14 сәуірде Астана уақытымен 22:11-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 452 шақырым ұзақтықта болған. Бұл жер сілкінісі Қазақстан аумағында...
Қазақстан сәуірдің алғашқы екі аптасында мұнай өндірісін наурыздағы көрсеткішпен салыстырғанда 3%-ға азайтты, бірақ сонда да OPEC+ квотасынан асып кетіп жатыр.
Мұнайдың арзандауына Қазақстан кінәлі ме?
Республиканың Энергетика министрлігі Reuters-ке 14 сәуір күні мұнай өндірісі азайғанын растаған. Агенттіктің үш дереккөзі өткен айда ұйымның бірнеше мүшесі, соның ішінде Сауд Арабиясы да Қазақстанның мұнай өндірісін арттырып жібергеніне қатты ренжіген.
Дереккөздердің айтуынша, басқа да елдер Қазақстан квотаны сақтамай отырған уақытта мұнай өндірісін шектеудің қажеті шамалы деген уәжді алға тартқан.
«Мұндай жағдай OPEC+ ұйымының өз ішіндегі тәртіпке кері әсер етіп жатыр. Сол себепті олар Қазақстанға қатты қысым жасайды...
15 сәуір – әлемде де, Қазақстанда да түрлі тарихи оқиғалармен, атаулы даталармен ерекшеленеді.
Әлемде 15 сәуір қандай күн?
Титаник апатының күні (1912)
Әлем тарихындағы ең ірі теңіз апаттарының бірі — Титаник кемесі 1912 жылдың 15 сәуірінде Атлант мұхитында айсбергке соғылып, суға батқан. Бұл апат кезінде 1500-ден астам адам қаза тапқан. Бүгінгі күнге дейін бұл оқиға әдебиетте, кинода, зерттеулерде кеңінен сипатталып келеді.
Салық күні (Tax Day) – АҚШ
АҚШ-та 15 сәуір – жыл сайынғы жеке тұлғалардың табыс салығын тапсыру мерзімінің соңғы күні ретінде белгіленген. Бұл күн америкалықтар үшін аса маңызды қаржылық кезеңнің аяқталуын білдіреді.
Әлемдік өнер мен мәдениетке қатысты...
Ақша туралы ашық сөйлесуге бата бермейтіндер бар. Көбі қысылып, «мен жайлы не ойлап қалар екен» деп тартынады. Әсіресе, жұмысқа кіретін кезде жалақы қандай болатынын, сыйақы бар-жоғын, істеп жатқан жерден айлықты көтеруін сұрау қиынға соғуы мүмкін. Қанша жылдан бері сол компанияда жүрсе де, әлі күнге дейін жалақысын көтере алмай жүргендер болады. Бәлкім, көтермей қояр деп қорқатын шығар. Болмаса, өзі туралы жаман ой қалыптасып қалады деп батпайды. Дегенмен еңбегіңізге сай ақы сұрағанда тұрған ештеңе жоқ. Егер компанияға қосып жатқан үлесіңізге айлығыңыз сай болмай тұрса, басшылыққа мұны дұрыстап жеткізе білсеңіз болғаны. Бүгінгі материалда сізге толыққанда гайд дайындап ұсынамыз.
Айлық туралы неге...
Астанадағы LRT құрылысындағы қаржы жымқыру ісі бойынша халықаралық тергеушілер күдіктілердің бірін тапты. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді.
Алайда құқық қорғау органдары күдіктінің нақты кім екенін айтпады. Интерпол таратқан мәліметке сәйкес, күдіктілердің біреуі қазіргі таңда Батыс елдерінің бірінде жүрген көрінеді. Бұл туралы прокурор Азамат Ермаханов мәлім етті. Прокурордың айтуынша, экстрадиция бойынша да шаралар атқарылып жатыр.
Аталған ақпаратты прокурор Айжан Аймағанова да өз Instagram парақшасында жариялады. Айта кетейік, Аймағанова Қуандық Бишімбаев ісін жүргізген прокурор.
Еске сала кетсек, елордалық жеңіл рельсті көлік құрылысындағы қаржы жымқыру ісі бойынша тергеу осыдан бес жыл бұрын аяқталған еді. Содан бері негізгі күдіктілер – «Астана...
Соңғы жылдары автокөлік нарығында экологиялық таза көлік құралдарына деген қызығушылық айтарлықтай артты. Электромобильдер мен гибридтер бүгінде «жасыл» болашақтың символына айналды. Алайда бұл технологиялар қаншалықты тиімді, оларды таңдау қаншалықты ақылға қонымды? Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен экологиялық көліктің не екенін анықтап алайық.
Экологиялық көліктер — бұл қоршаған ортаға зияны аз немесе мүлде зиянсыз көлік түрлері. Оларға электромобильдер (BEV), плагин-гибридтер (PHEV), қарапайым гибридтер (HEV) және сутегімен жүретін көліктер (FCEV) жатады. Бұл көліктер іштен жанатын қозғалтқыштарға қарағанда атмосфераға көмірқышқыл газын азырақ бөледі немесе мүлде шығармайды.
Электромобильдердің қалай жұмыс істейтінін түсіну маңызды
Электромобильдің «жүрегі» — электр қозғалтқышы. Ол аккумулятордан энергия алып...
Қазақы көйлекпен, пилонда би билеген бойжеткен желіде қызу талқыға түсіп, көпшіліктің сынына ұшырады. Бейнежазбаны Instagram парақшасында блогер Рустем Баязиев жариялады.
Блогер қызды бұл әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.
«Мынау не? Қазақтың ұлттық киімімен билеген стриптиз ба? Мына биді қалай айтады? Ұлттық құндылығымызды қорлағаны үшін қылмыстық іс ашу керек», — деп жазды Баязиев.
Желі пайдаланушылардың пікірлері де екіге бөлінді. Кейбіреулері қыздың әрекетіне ұлттық мәдениетті құрметтемеу деп баға берсе, кейбірі мұны дәстүрлерге заманауи көзқараспен қарау деп санайды.