ЕО елдері Ресейдің бұғатталған активтерінен түсетін пайданы бөлек тіркеуге келісті.
Еуроодақ елшілері Еуропалық комиссия бекіткен директиваны алдын-ала мақұлдаған. Оған сәйкес Ресейдің Белгияда бұғатталған активтерін Euroclear халықаралық депозитарийінде қайта инвестициялалаудан түсетін пайда бөлек тіркеледі. Ресей активтері 260 миллиард еуроның 191 миллиарды Бельгияда орналасқан.
Келісім бойынша Еуропалық Одақ елдері бұл активтерден түсетін таза пайданы Украинаны қолдауға жұмсау туралы шешім қабылдағанша, Euroclear компаниясы акционерлерге дивиденд төлемейді. Ол үшін ЕО-ға мүше мемлекеттер де депозитарийдің заңдық және әкімшілік шығындарын жабуға қажетті соманы анықтауы керек. Бұл ұсыныс болашақтағы табыстарға қатысты болып отыр.
Жалпы Еурокомиссия директивасына сәйкес Ресей активтерінен түсетін пайда толық тәркілеуге жатпайды...