KAIYI брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Orbis Auto автомобиль тобына кіретін компания толық жетекті жаңартылған KAIYI X7 кроссоверін таныстырды. Жаңа автокөлік брендтің елдегі барлық ресми дилерлік орталығында қәзірден сатылып жатыр.
Алғашқы әсер
KAIYI X7-нің дизайнын әзірлеуге Ferrari дизайнерлері командасының мамандары атсалысқан. Каскадты радиатор торы, динамикалық бұрылыс көрсеткіштері бар жарықдиодты шамдар және жаңартылған аэродинамикалық сызықтар спорттық әрі динамикалық мінезге меңзейді. Ал 20 дюймдік дискілерімен және ені 255 мм болатын кең шиналар жолдағы тұрақтылықты арттырады.
Қозғалтқышы
KAIYI X7 1,6 және 2 литрлік турбоүдетілген отын бүркуі тікелей бензинді қозғалтқышпен жабдықталған. Алғашқысында 186, екіншісінде 238 ат күші бар. Қос...