Ыстанбұл қаласының экс-мэрі, оппозиция өкілі Екрем Имамоғлы прокурорға қоқан-лоқы көрсетті деген айыппен сотқа тартылды. Бұл — оған қатысты қозғалған бірнеше істің бірі. Көпшілік бұл процестердің саяси астары бар екенін алға тартып отыр. Бұл туралы Euronews басылымы хабарлайды.
Имамоғлы 2025 жылдың 23 наурызында сыбайлас жемқорлық пен терроризм айыптары бойынша ресми түрде қамауға алынған болатын. Ол Ыстанбұлдың батысындағы Силиври түрмесінде отыр.
Қазіргі қаралып жатқан іс одан бөлек – онда Имамоғлы прокурор Акын Гюрлекке қысым көрсетті деген айып тағылған. Бұл оның прокурорды оппозициялық тұлғаларға қарсы істер үшін сынға алған сөздерінен кейін көтерілген.
Сот отырысына саясаткердің жұбайы мен ұлы, Республикалық халық партиясы...