19 ақпаннан бастап Ұлттық банк алтын-валюта резервтерінен алтын сатуды уақытша тоқтатты. Бұл туралы брифингте реттеуші ұйымның төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
«Біз алтынды бұрынғыдай көлемде сатып алып жатырмыз. Биыл [отандық фабрикалармен] 67 тонна алтын өндірілмек. Жыл басынан бері біз 8 тонна саттық. Осыны алып тастағанда қалған көлемнің бәрін сатып алып, сақтау қоймасында ұстаймыз. Қазір жинап жатырмыз», – деді Сүлейменов.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, реттеуші қазір алтын сатуды уақытша тоқтатқан. Себебі инвестициялық банктер алтын тағы да қымбаттауы мүмкін деген болжам жасап отыр.
Ұлттық банк 2011 жылдан бастап отандық өндірушілерден алтын сатып алады. Оның бір бөлігін сыртқы...