Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада 1 тамыз күні өтетін жеке концертіне билет сатылымы басталды. Адамдар билет алу үшін онлайн кезекте сағаттап тұруда. Осы орайда KursivMedia 31 шілде мен 2 тамыз аралығында елордаға Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларынан ұшақпен барып қайту қанша тұратынын қарап көрді.
Алматы
Air Astana екі бағытқа ұсынатын билеттердің ең арзаны 100 мың теңге. Әзірге билет те, рейс те жеткілікті.
Лоукастер саналатын FlyArystan билеттері Air Astana билетіне жетеғабыл – Джей Ло концертіне барып, қайту 97 233 теңгеден басталады. Мұнда да билет баршылық.
Scat біршама қолжетімді баға ұсынып отыр. Әуе компаниясының ұшақтарымен осы күндері Астанаға барып-қайту...