Мьянмада 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Таиландтың метеорологиялық қызметі хабарлаған.
Метеорологиялық қызметтің мәліметінше, жер сілкінісі Мьянманың ірі қалаларының бірі Манадалайдан 60 шақырым жерде болған. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 14:58-де, 10 шақырым тереңдікте тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жолғы жер сілкінісі кезінде ешкім зардап шекпеген.
Еске ала кетсек, Мьянмада 28 наурыз күні жойқын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты думпулерінің магнитудасы 7,7 балды құрады. Бұл күні елдің бірқатар өңірлерінде ғимараттар құлап, адамдардың қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Нейпьидо, Мандалай және Сагайндағы мемлекеттік ауруханалардың науқастарға толып кеткені айтылды. Мьянма үкіметі әлі де жер сілкінісінің салдарымен...