Жетісу облысының прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 362-бабына сай сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлады.
Оқиғаның мән-жайы
Мемлекеттік сот орындаушысының іс жүргізуінде алимент өндіру туралы атқарушылық іс болған. Оның аясында борышкерге шетелге шығуға шектеу қойылған. Бірнеше жылдан кейін сот орындаушысы атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысына береді. Ал ол болса, борышкердің елден шығуына қойылған шектеуді алып тастап, борышкер Корея Республикасына ұшып кеткен. Қазіргі уақытта сол жақта.
Тергеу кезінде анықталғаны
«Қарсы прокурорлық тексеру кезінде өндіріп алушы атқарушылық іс жүргізуді қайтару және борышкердің шығуына қойылған шектеуді алып тастау...