Қырғызстандағы Киров су қоймасына өткен жылмен салыстырғанда 40 млн текше метр артық су жиналды, деп мәлімдеді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. Осыған байланысты министрлік Қырғызстанмен Жамбыл облысына ішінара су беруді сәуір айында бастау туралы келіссөз жүргізбекші.
Министрдің мәлімдеуінше, Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасында су қоры айтарлықтай ұлғайған. Су көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 2 есе артып, 300 млн текше метрге жеткен. Алайда Қырғызстандағы Орта-Токой су қоймасындағы су деңгейі алаңдаушылық туғызады. Себебі судың жиналуы өткен жылмен салыстырғанда төмен.
«Жамбыл облысы алатын су көлемін қырғыз тарапымен наурыз айында келісуді жоспарлап отырмыз. Су деңгейін қараймыз, кейін «Қазгидромет» биылғы жылға арналған...