Костенко шахтасындағы апатқа кінәлі 9 лауазымды адам қамауға алынды. Бұл жайлы Бас прокуратура есебінде айтылған.
«46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы жарылыстарды тергеу аяқталуда. Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті ретінде танылып, қамауға алынды»,– делінген есепте.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Костенко» кенішіндегі қайғылы оқиға үшін 19 адам жауапқа тартылатынын айтқан болатын. Министр апатқа қатысты жауапқа қарапайым қызметкерлер емес, лауазымды тұлғалардың тартылатынын мәлімдеді.
ТЖМ басшысының айтуынша, жауапқа инженерлік-техникалық қызмкетерлер тартылады.
«Олардың барлығы жауапты қызметтегі адамдар. Бұл адамдарға қатысты материалдар құзырлы органдарға берілді. Сол материалдар негізінде олар тергеу жүргізіп, сотқа жолдайды...