Израиль армиясы 23 наурызда Газаның оңтүстігінде гуманитарлық миссия құрамындағы бір топ адамды қателесіп атып өлтіргенін мойындады. Бұл туралы BBC телеарнасы хабарлайды.
Дәрігерлерді өлтіру қылмысы
Оқиға 2025 жылғы 23 наурызда болған. Сол түні Қызыл Жарты Ай палестиналық ұйымының жедел жәрдем көлігіне, БҰҰ автокөлігі мен Газа азаматтық қорғанысының өрт сөндіру машинасына Рафахқа жақын маңда шабуыл жасалған.
Израиль бастапқыда әскерилер түнде жарықты немесе жылтылдақты қоспай келе жатқан «күдікті» көліктер тобына оқ атты деп мәлімдеген.
Алайда қаза болған фельдшерлердің бірі мобильді телефонына түсіріп үлгерген видео мұндай нұсқаны жоққа шығарып отыр. Видеода көмек көрсетуге бара жатқан көліктер тобы жолда жарықты, жылтылдақты да...