Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарған дипломат Сәкен Мамаш бұрынғы әйелі Карина Мамашқа зорлық-зомбылық көрсеткені үшін қамауға алынды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция бұрынғы елші кеңесшісі қызметін атқарып келген Сәкен Мамаштың сол кездегі әйелі Карина Мамашты жүйелі түрде ұрып-соққанына қатысты дәлелдер жинаған. Жинақталған дәлелдер бойынша, экс-дипломатты қамауға алу туралы шешім қабылданған.
«Полиция жедел-тергеу тобын құрды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін бірқатар қажетті сараптамалар жүргізілді. Айтарлықтай дәлелдемелік база жиналып, шоғырландырылды. Тергеу нәтижесінде күдікті Сәкен Мамашқа қатысты Тергеу соты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», – делінген баспасөз хабарламасында.