АҚШ президенті Дональд Трамп Үнді мұхитының субантарктикалық бөлігінде орналасқан, адам тұрмайтын Херд және Макдональд аралдарына 10 пайыздық тариф енгізді. Бұл туралы Axios порталы хабарлады.
Херд және Макдональд – адам мекен етпейтін, Антарктидаға жақын, қар мен мұз жапқан табиғи аумақтар. Аралдар Австралияның меншігі ретінде саналады және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Трамп әкімшілігі осы аралдардың Австралияға тиесілі екенін негізге ала отырып, оларды да кедендік баж салығына салынатын аумақтар тізіміне енгізген.
Херд аралында адамдар XIX ғасырда итбалық аулауға және 1947–1955 жылдар аралығындағы ғылыми зерттеулермен ғана барған. Ал Макдональд аралын адамдар тек екі рет қана басып өткен. Осы табиғи қорық аймағы сирек...