OPEC+ ұйымына мүше сегіз ел бейсенбі, 3 наурызда Қазақстанның мұнай өндірісін квотадан асырып жіберу мәселесін талқылайды.
Бұл туралы Reuters агенттігіне екі делегат хабарлаған.
Қазақстанның ұйым квотасын орындамай, мұнай өндірісінде қайта-қайта рекорд орнатуы осы топтың мүшелерін, соның ішінде Сауд Арабиясын ашуландырды деп мәлімдеді дереккөздер. OPEC+ Қазақстанды мұнай өндірісін қысқартуға, артық өндіріс есесін қайтаруға шақырып отыр.
«Бейсенбідегі кездесу Қазақстанның жаңа министріне өндіріске қатысты талаптарды орындаудың, артығының есесін қайтарудың маңызды екенін түсіндіру үшін керек», – дейді делегаттардың бірі.
Өткен айда Қазақстан энергетика министрлігінің басшысы қызметіне Ерлан Ақкенженов тағайындалған.
OPEC+ елдері мамыр айында мұнай өндірісін тәулігіне...