2005-2023 жылдар аралығында Каспий теңізінің деңгейі 185 см-ге төмендеп, су бетінің ауданы 31 мың шаршы шақырымға азайды. Орташа есеппен теңіз жылына 10 см-ге шегініп келеді. Алдағы 75 жылда Солтүстік Каспий толықтай жойылып кетуі мүмкін. Осындай дерек келтірген депутат Сергей Пономорев теңіздің экологиялық ахуалына алаңдаушылық білдірді.
Мұнай жобаларына экологиялық аудит жүргізу қажет
Депутат теңіз аумағында жұмыс істейтін мұнай жобаларына экология тұрғысынан халықаралық аудит жүргізу қажет деп санайды. Өйткені Каспий теңізі экологиялық апатты жағдайда екенін, ал оған мұнай өңдеу компанияларының тікелей әсері барын айтады.
«Халықаралық және қазақстандық экологтардың зерттеулеріне сүйенсек, 2005- 2023 жылдар аралығында теңіз деңгей...