Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан мемлекеттік туды қорлаған қыздарға неге қылмыстық іс қозғалмағанын түсіндірді. Депутаттың айтуынша, бұл оқиғаға қатысты бастапқыда қылмыстық іс қозғалғанымен, кейін толық тергеу нәтижесінде қылмыстың құрамы дәлелденбеген.
«Қылмыстың төрт құрамдас бөлігі болады. Ең бастысы — адамның ниеті, яғни бұл әрекетті әдейі, қасақана жасағаны дәлелденуі тиіс. Егер адам қасақана, терең ойластырылған түрде әрекет етсе ғана қылмыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайға қатысты тергеу барысында олардың қылмыс жасау ниеті болмағаны анықталған», – деді заңгер.
Абзал Құспанның айтуынша, әлеуметтік желіде тараған фотодағы туды қыздар өздері жасамаған. Атап айтқанда, қыздар туды маркетплейстен алған.