Жамбыл облысының Көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Д.Кемелов жүк көлігін жүргізушілерден бірнеше рет пара алған. Осы қылмысы үшін 6 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
«2025 жылдың 20 наурызында Тараз қаласының соты Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Д.Кемеловқа қатысты үкім шығарды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Шенеунікке қандай айып тағылды?
Шенеунік жүк автомашиналарының иелері мен жүргізушілерінен жүйелі түрде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Нақтырақ айтқанда, Кемелов жүк көлігін жүргізушілер М.Мамыровтан, Н.Абдуллаевтан және Е.Қанатовтан облыс аумағы бойынша кедергісіз жүріп-тұруы үшін 100 мыңнан...