Қазақстандағы ақылы жолдардан 48 млрд теңге жиналған. Келесі жылы бұл соманы 200 млрд теңгеге дейін жеткізбек. Үкімет отырысында Серік Жұманғарин осылай деді.
«Біз ақылы жолдардың бағасын көтеруд талап етеміз. Осы жылы ақылы жолдар 48 млрд теңгеден басталды. Яғни Қазақстанда салынған барлық жолдардан 48 млрд теңге жиналады. Қазір 78 млрд (жинаймыз – ред.), келесі жылдың наурызына дейін бұл цифраны 200 млрд теңгеге жеткізуді көздеп отырмыз. Жолдар оған жүргізілген қызметті, халықаралық қаржы ұйымдарынан келген қарызды ақтауы керек. Жол деген сондай сала, ол бірден міндетті деп саналады, мемлекеттік қарызға жүктеледі. Біз мұндай жағдаймен мемлекеттік қарыз көлемін көбейте алмаймыз...