Украинада жазда президент сайлауы өту мүмкін деген әңгіме тарай бастады. Оған бір ғана мерзімге келдім деген Владимир Зеленский де түседі-мыс.
Зеленский не деп еді
Зеленский 2019 жылы сайлауалды бағдарламасында президенттік қызметте бір ғана мерзім отыратынын, осы аралықта жүйені өзгертіп, билікті саясаткерлердің жаңа буынына тапсыратынын мәлім еткен.
Алайда одан бері жағдай өзгерді. 2022 жылғы 24 ақпанда Ресей Украинаға басып кіріп, содан бері екі ел арасында соғыс жүріп жатыр. Бүгінде Ресей елдің шығыс жағында бірнеше облысына бақылау орнатып отыр. Бұл Украина жерінің 1/5 бөлігін қамтиды.
Украина заңдарына сай, соғыс жағдайында елде сайлау өткізуге тыйым салынған. Өйткені әскери іс-қимылдар кезінде...