IT-мамандар үшін кеңес: бұл салада «грейд» түсінігі бар. Ағылшынның grade, яғни баға деген сөзінен шыққан. Бұл маманның не білетінін, қолынан не келетінін көрсетеді. Осы маркерге қарап, оның жалақысы қандай болатыны белгіленеді. Әр компанияның бағалау жүйесі әртүрлі. Өйткені олардың маманға қоятын талабы әр қилы. Сондықтан бір жерде мидл болып жүріп, келесі жерге сеньор болып орналасқанда таңғалудың қажеті жоқ. Әйтсе де, деңгейге бөлу қажет-ақ. Kursiv Media тілшісі бағдарламалаушылардың жаңа деңгейге өткенін көрсететін негізгі белгілерге шолу жасап шықты. Сондай-ақ, тәжірибелі мамандардың кеңесі де бар.
Деңгейіне қарай — тапсырмасы
IT саласында мынадай үш грейд белгілі: junior, middle және senior. Алғашқысы — жас маманны...