Қазақстанда 87 мың Ресей азаматы жұмыс істеуге және тұрақты тұруға рұқсат алған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Аслан Аталықов айтты.
Комитет басшысының айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанға келетін шетелдіктер саны артқан. 2024 жылы елге 15 млн-нан астам шетелдік кіріп шыққан. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 1 млн-ға артық екен.
«Биыл Қазақстанға 2,8 млн шетел азаматы кірген. Келушілердің 40%-ы Өзбекстан азаматтары, екінші орында Қырғызстан азаматтары, одан кейін Ресей азаматтары», – деді Аслан Аталықов.
Айтуынша, олардың барлығы елде қалмайды. Десе де, елде тұрақты жұмыс істейтін шетелдіктер баршылық. Қазіргі таңда Қазақстанда...