Алакөлге құятын өзен басында шошқа асырап, суды ластаған Qaratas шаруа қожалығының экологиялық талаптарды бұзғаны анықталып, аймақтан көшірілген. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәселенің мән-жайы
Әлеуметтік желіде Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшбұлақ ауылдық округінің тұрғындарының видеосы тарады. Елдімекен халқы Алакөлге құятын өзен басында шаруа қожалығының жабайы шошқа асырап жатқанын, маңайды сасық иіс басып кеткенін хабарлаған. Сонымен бірге тұрғындар жабайы шошқаның ішек-қарны әр жерде шашылып, өзеннің ластанып жатқанын айтып, биліктен жағдайды реттеуді сұраған.
«Мынау Қарабұлақ өзені, бұл Қызылтауға құяды. Қызылтау Алакөлге құяды. Соның басында, дәл тұмада Qaratas деген шаруа қожалығы...