Өстемір Жарқынбекұлы 14 жасынан бухгалтер болып ересек өмірге ерте араласқан. Ақындығы мен сазгерлігі бір төбе.
Есеп-шотты саусақтарымен қаққанда көз жаңылатын есепшінің осы құралдың темір сымдары мен тастарынан ноталарды көріп, жыр төгілдіретінін көпшілік ол кезде байқамаған да еді.
Бала есепші
Өстемір Жарқынбекұлы 1940 жылы туылған. Өмір бойы бухгалтер болып жұмыс істеген. Бұл мамандыққа келуі де қызық. Бұл – 53-тің салқын жазы. Ол кезде білімді адамдар да тапшы. Оның үстіне, бар мамандар болмашыға жазықты болып, темір тордың арғы жағынан бір-ақ шығып жатқан кез. Зобалаң қазіргі Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бірлік ауылы шаруашылығын да айналып өтпеген. Бухгалтерлік қызмет атқаратын маман да...