2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатына іріктеу аясында Өзбекстан құрамасы Иранға қарсы маңызды ұпай еншіледі. 25 наурыз күні өткен кездесуде көршілес елдің футболшылары Тегерандағы ойында екі рет алға шыққанымен, ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
Бұл нәтиже Иран құрамасына Азиядағы «А» тобы бойынша алғашқы болып Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алуға мүмкіндік берді. Алайда, дәл осы жолдаманы Өзбекстан құрамасы да ала жаздаған. Егер олар жеңіске жеткенде, Иранды кейінге ысырып, тарихи жетістікке бірінші жетер еді.
8 турдан кейін Өзбекстан құрамасы 17 ұпаймен «А» тобында екінші орында тұр. Команданы бұрынғы футболшы Тимур Кападзе жаттықтырып жатыр. Бірінші орында...