Соңғы жылдары Қазақстандағы инвестициялық белсенділік қарқын алып келеді. 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 19,4 трлн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 7,5%-ға артқан. Бұл – экономикадағы оң серпіннің айқын көрінісі. Бірақ бұл сандардың артында не жатыр? Қай салаға көбірек қаржы құйылды? Инвесторлар қай жаққа бет бұрды? Осы сұрақтарға бірге үңіліп көрейік.
Инвестиция қайдан келді?
2024 жылғы инвестициялардың негізгі көзі – жеке сектор. Нақтырақ айтсақ, негізгі капиталға салынған инвестицияның 64,4%-ы (12,5 трлн теңге) кәсіпорындар мен жеке компаниялардың өз қаржысынан құралған. Бұл бизнес ортадағы сенімнің жоғары екенін және кәсіпкерлердің болашаққа деген үмітінің зор екенін көрсетеді.
Мемлекеттік қолдау да айтарлықтай – 4,1 трлн теңге немесе жалпы инвестицияның 21,1%-ы бюджет есебінен...