Наурыз мейрамының соңғы демалыс күндерінде елде қолайсыз ауа райы болады. Оңтүстік өңірлерде күн күркіреп, қатты жаңбыр жауады, ал тау бөктерінде су тасқыны қаупі бар. Солтүстік және шығыс аймақтарда боран, көктайғақ және жел екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Мегаполистердегі ауа райы
Астана: 24-25 наурыз күндері ауа райы құбылмалы болады. Кей уақыттарда қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін. Түнде -6…-13°C, күндіз -3…+2°C-қа жетеді. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей күндері 20 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы: жаңбыр мен қар жауып, тұман түсуі ықтимал. Түнде 0…+9°C, күндіз +3…+15°C. Найзағай кезінде жел екпіні 20 м/с-қа дейін күшею...