Наурыз тойлаудың тарихын білесіз бе? Бұл мейрам қай ғасырдан бастап тойланып келеді? Қымыз бен құртты кімдер, қашан әзірлей бастағаны туралы естіп пе едіңіз? Bvlgari әшекей бұйымдар әзірлегенде қандай асыл тастарды көп қолданады? Осы және өзге де қызық мәліметтерді осы аптадағы Qalam Global топтамасынан оқи аласыз.
ЗАРАТУСТРА ОСЫЛАЙ ТОЙЛАҒАН
Наурыз — Жаңа Дәуірдің бастауы
Наурыз тойы – көптеген ұлт пен ұлыстың сағына күтетін ортақ мейрамы. ЮНЕСКО-ның ұйғарымы бойынша, 2009 жылдан бері ол халықаралық мереке мәртебесіне ие болды. Наурыз Қазақстанда 21 және 22 наурызда ұлыстың ұлы күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн Жердің жаңаруын, күн мен түннің теңелуін әрі жаңа...