Қазақстандықтар үшін Марокко, Черногория және Оманға визасыз режим енгізілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Мароккомен визасыз режим күшіне енеді
2025 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстан мен Марокко арасындағы визалық талаптар өзара жойылады. Осы келісімге сәйкес, екі ел азаматтары ұлттық паспорт иегері болған жағдайда әрбір 6 ай ішінде 30 күнге дейін визасыз сапар жасай алады.
Бұл келісім туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Черногория қазақстандықтар үшін визасыз режимді ұзартты
Черногория билігі Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимді 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты. Бұл шешім Черногорияға туристік және іскерлік сапарларды жоспарлайтын қазақстандықтар...