Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың IV тоқсанында қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа ақшалай шығыны 309 257 теңгені құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға жоғары.
Ал азаматтардың орташа табысы 342 896 теңгеге жетіп, 12,1%-ға артқан. Тұтынуға пайдаланылған табыс – 313 742 теңге, яғни өткен жылмен салыстырғанда 11,2%-ға көп.
Халық тапқан табысын қайда жұмсайды?
Халық осы тапқан табысының жартысын (155 099 теңге) азық-түлік алуға жұмсайды. Бұл туралы статистика бюросының «Қазақстан Республикасы халқының табыстары мен шығыстары» есебінде жазылған.
Қалған қаржының 23,2%-ы (71 595 теңге) азық-түлік емес тауарларға, 18,4%-ы (57 029 теңге) ақылы қызметтерге кетед...