«ҚазТрансОйл» («ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес ұйымы) Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай тасымалдауда қиынды туындаса, қосымша мұнайды экспортқа жөнелтуге дайын. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» компаниясының тасымалдау жөніндегі бас директорының орынбасары Абай Бейсембаев мәлімдеді. Оның айтуынша, мұнайды Атырау – Самара құбыры арқылы экспорттауға болады.
Ал «Кропоткинская» мұнай айдау станциясына жасалған шабуылға қатысты түсініктеме беруден бас тартқан Бейсембаев бұл мәселені КҚК-ға жолдаған дұрыс болатынын айтты. Дегенмен, «ҚазТрансОйл» компаниясы техникалық тұрғыдан мұнайдың белгілі бір көлемін қабылдап, оны Атырау – Самара құбыры арқылы тасымалдауға дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар, ол Теңіз және Қашаған кен орындарындағы мұнай өндіру көлемінің азаюы «ҚазТрансОйл» жұмысына қалай әсер ететінін түсіндірді. Оны...