АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі 43 елдің, оның ішінде Ресей мен Беларусьтің азаматтары үшін кіру ережелерін қатаңдатуды көздеп отыр деп хабарлады The New York Times басылымының дереккөздері.
Олардың мәліметінше, АҚШ Мемлекеттік департаменті елдерді «қызыл», «сарғылт» және «сары» деп үш санатқа бөлетін ұсыныстар жобасын әзірлеген.
«Қызыл» топқа кіретін 11 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге қатаң тыйым салынады. Оларға Ауғанстан, Бутан, Куба, Иран, Ливия, Солтүстік Корея, Сомали, Судан, Сирия, Венесуэла және Йемен жатады.
«Сарғылт» топқа кіретін 10 елдің азаматтарына тек «бай іскер саяхатшылар» ретінде кіруге рұқсат беріледі. Алайда иммиграциялық немесе туристік визалармен кіруге тыйым салынады. Бұл санатқа Ресей, Беларусь, Эритрея, Гаити, Лаос...