Қазақстан қор биржасының жаңа төрағасы Әділ Мұхамеджанов алғаш рет ресми түрде журналистер алдына шығып, KASE-нің жартыжылдықтағы жұмысына есеп берді. Цифрлық теңге жобасы, жаңа Салық Кодексі тәрізді сұрақтарға жауабын айтты.
Жаңа төраға қор биржасының Ұлттық банкпен бірге цифрлық құралдарға қатысты заң жобасын әзірлеуге қатысып жатқанын атап өтті.
«Қазір Ұлттық банк нарық қатысушыларымен бірге цифрлық-қаржы активтері жайлы заңды аяқтап қалды. Меніңше, цифрлық құралдар әлемінде Қазақстан қор биржасы айтарлықтай орын алады. Орталық депозитариймен бірге ішкі архитектурамызды реттеп, жаңа нарыққа кіру үшін дайындалып жатырмыз», – деді ол.
Қор биржасы төрағасының сөзінше, цифрлық теңге жайлы заң қабылдағаннан...