Қазақстанда есірткіні жасырын орналастырды деп сотталған мыңдаған жазаланушы ертерек бостандыққа шығуы мүмкін. Бұл туралы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.
Оның сөзінше, қазір темір торда 1200-ге жуық есірткі тасымалдаушы отыр. Наурыздан бастап нашақорлықпен айналысқандар үшін заң жұмсаратынын ескерсек, олар ертерек босай алады.
» Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ІІМ, мемлекеттік органдар және депутаттар есірткі өндірумен, қайта өңдеумен және жасаумен айналысатын адамдарға, яғни бұрын айналысқандарға, жауапкершілікті қатаңдататын түзетулер әзірледі. Ал есірткіні байланыссыз тәсілмен тарататын, яғни жасырын орналастыруышылар үшін жаза жеңілдетілді. Бірінші рет қылмыс жасаған үшін де жаза мерзімі қысқартылды», – деді ол брифингте.