Мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы, айыпталушы Жомарт Мұрашимов «жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінен» қайтыс болған. Шымкенттегі қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы Курсив тілшісіне Мұрашимовтың қайтыс болуына қатысты ақпарат берді.
Басқарма мәліметінше, айыпталушы №69 тергеу изоляторында болған кезде профилактикалық тексеруден өткен. Бейінді мамандардан кеңес алған. Жүргізілген зерттеулер мен тексерулердің нәтижесінде оның артериялық гипертония, бронх демікпесі, және остеохондроз созылмалы ауруымен ауыратыны белгілі болды. Мекемеде қажетті дәрі-дәрмектер берілген.
«2025 жылғы 18 тамызда сотталушының жағдайы күрт нашарлады. Қан қысымы 240/120-ға көтерілді. Жедел ми қан айналымының бұзылуы белгілері тіркелді. Жедел медициналық жәрдем бригадасымен оны №1 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізіліп, нейрореанимация бөліміне «жедел ми қан айналымының бұзылуы...