7 наурыз күні сағат 08:30-дағы жағдай бойынша Қазақстанның жеті облысында республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Ақмола облысы:
«Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырымы (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).
Абай облысы:
«Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырымы (Қалбатау ауылы – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы).
Атырау облысы:
«Атырау-Орал» автожолының 5-62 шақырымы (Атырау қаласынан Махамбет ауылына дейін).
Шығыс Қазақстан облысы:
«Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырымы (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына бұрылысқа дейін).
Қарағанды облысы:
«Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін). 1610-1855 шақырымы (Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейін...