Сербияның оппозициялық депутаттары сейсенбі, 4 наурыз күні, парламент ғимаратының ішінде түтін гранаталары мен көзден жас ағызатын баллон лақтырды. Бұл әрекет тікелей эфирде көрсетіліп, наразылық белгісі ретінде жасалды деп хабарлады Reuters.
Мән-жайы
Белгілі болғандай, наразылық шарасы төрт ай бұрын теміржол вокзалының төбесі опырылып, 15 адамның қаза табуына байланысты басталған.
Заң шығару сессиясында Сербияның Прогрессивті партиясы (SNS) басқаратын билеуші коалиция премьер-министр Милош Вучевичтің отставкасын бекітуі керек болған. Алайда билеуші коалиция күн тәртібіне енгізген басқа мәселелер оппозицияның ашуын туғызған. Кейбір оппозициялық саясаткерлер орындарынан жүгіріп шығып, парламент спикеріне қарай бет алып, күзетшілермен қақтығысқан.
Басқалары түтін гранаталары мен көзден жас ағызатын баллон...