Қазақстан 2025 жылы 96,2 млн тонна мұнай және газ конденсатын өндіруді жоспарлап отыр. Бұл 2024 жылғы көлемнен 9,7% артық. Оған Теңіз кен орнын кеңейту жобасының іске қосылуы себеп болмақ. Биыл осы жобаға салынатын инвестиция көлемі 533 млн долларды құрайды.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында Қарашығанақта шикі газды қайта айдау компрессорларын іске қосу жұмысы жалғасып жатқанын мәлімдеді. Бұл өндіріс деңгейін жылына 11-12 млн тонна деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді. 2025 жылы бұл жобаға құйылатын инвестиция көлемі 144 миллион долларды құрайды.
Сонымен қатар «Қаламқас теңіз» және «Хазар» жобалары бойынша да жұмыстар жалғасып жатыр. 2025 жылы FEED жобалауын аяқтау, EPC бойынша тендерлер...