Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары М.Ақбиев, Б.Мұқашев сотталды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, сыртқы экономикалық қызмет субъектілері де, атап айтқанда, А. Балатская, Х.Бекішев, Н.Бекшин және И.Андриенко да жазаға тартылған. Олар сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс үшін айыпталды.
Пара алу дерегі
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қоғамда заңдылық пен тәртіп принципін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады», – делінген агенттік хабарласында.
Агенттік мәліметінше, аталған қызметкерлер кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алған. Есесіне, кедендік бақылау саласында жасалған заң бұзушылықтарға көз жұма қарап келген. Әкімшілік жауапкершілікке тартпауды алға тартып, қалтасын толтырып...