Ресейде еңбек мигранттарының отбасыларын алып келуіне тыйым мәселесі талқыланып жатыр. Бұл бастама Қазақстан азаматтарының алаңдаушылығын тудырып отыр. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевтың «РИА Новости» агенттігіне берген сұхбатында аталған шектеулер екі елдің экономикалық және гуманитарлық қарым-қатынасына кері әсер етуі мүмкін екенін айтты.
Абаев Қазақстан мен Ресей халықтарының тарихи байланыстарын атап өтіп, олардың сауда, еңбек қызметі және өзара сапарлар арқылы тығыз араласатынын жеткізді. Еуразиялық экономикалық одақ аясында жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етілгендіктен, жаңа шектеулер мигранттардың отбасыларына қиындық туғызуы мүмкін.
«Жақында шетелдіктердің Ресейде уақытша болу мерзіміне қатысты өзгерістер күшіне енді. Бұл ережелер барлық шетел азаматына, оның ішінде қазақстандықтарға...