Алдағы 6 жылда Қазақстанның еңбек нарығына 1,6 млн кадр қажет болады. Кәсіптік-техникалық білімі бойынша 900 мыңға жуық маман керек болса, жұмысшы мамандықтары бойынша 400 мыңнан астам кадр қажет. Мұндай мәліметті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Бияхметов келтірді.
Министр орынбасары алдағы жылдары сұранысқа ие болатын мамандықтарды атап шықты.
«Ең үлкен сұраныс құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және денсаулық сақтау салаларында байқалады. Бұл салаларда жұмысшы мамандықтарының үлесі 56%-ды құрап отыр», – деп атап өтті вице-министр.
Құрылыс саласында ең жоғары сұраныс:
Сылақшыларға – 9 758 адам Құрылыс бригадирлеріне (прорабтар) – 9 477 адам Дәнекерлеушілерге...