26 ақпан күні ХАМАС төрт израильдік тұтқынның денесін қайтарды. Бұған жауап ретінде Израиль 625 палестиналық тұтқынды босатуға келісті. Олардың босатылуы бұған дейін жоспарланған, бірақ Израиль кейінге шегерген еді.
Үйіне оралатындардың арасында Цахи Идан, Охад Яхоломи, Ицхак Элгарт және Шломо Мансур бар. Алайда Изрaиль премьер-министрінің кеңсесі олардың ресми түрде расталуы тек сот-медициналық сараптамадан кейін ғана жүзеге асатынын мәлімдеді.
Израиль тарапынан босатылған тұтқындардың алғашқы тобы қазірдің өзінде Батыс жағалаудағы Рамалла қаласына жеткізілді.
Тұтқындардың отбасылары алдағы айырбас туралы алдын ала хабардар етілді.
«Біз күтіп отырмыз, бірақ бұл, шын мәнінде, біздің Цахи екеніне толық сенімді болу үшін барлы...