Танымал әнші әрі соңғы уақытта кино өндірісіне бет бұрған Серік Ибрагимов 2024 жылдың қаңтарында келіншегі мен өзіне жаңа көлік алғанын мәлімдеген болатын. Өнер иесі Instagram желісінде жаңа автокөлігінің бағасы шамамен 100 млн теңге екенін айтқан. Оқырмандар арасында үлкен қызығушылық тудырған бұл көліктің маркасы – BMW X7. Алайда автосалондағы және қайталама нарықтағы бағалар сәл өзгеше болып шықты.
Қазақстандағы бағасы
Қазақстанда BMW X7 автокөлігін сататын ресми диллер – «Бавария» авторталығы болып есептеледі. 2025 жылдың ақпанын айында салонда 2024 жылы шығарылған үлгілер сатылып жатыр. Жаңа автокөліктің ресми құны – 60 054 847 теңгеден басталып, 73 008 278 теңгеге дейінгі соманы құрайды. Баға таңдаған...